«АЛТЕЛ» ұялы байланыс желісінің қызметтерін қолдану Ережелері

1.1. «АЛТЕЛ» Акционерлік қоғамы (бұдан былай «АЛТЕЛ» және/немесе «Оператор деп аталатын) бұдан былай «Оператор» деп аталатын Жарғы негізінде және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2004 ж. 13 сәуірінен №000jn358 АБА Мемлекеттік Лицензиясына (бұдан әрі Лицензия) сәйкес, Абоненттік шартқа қол қойған және бұдан былай «Абонент» деп аталатын тұлғаға «АЛТЕЛ» ұялы байланыс желісінің қызметін осы «АЛТЕЛ» ұялы байланыс желісінің (бұдан әрі – Желі) қызметтерін пайдалану Ережелеріне сәйкес ұсынады.
1.2. Осы ұялы байланыс желісінің қызметтерін пайдалану Ержелері (бұдан әрі – Ережелер) әрекет ететін заңға сәйкес өңделген, Қазақстан Республикасы аймағындағы ұялы байланыс желісінің қызметтерін көрсету бойынша Абонент пен Оператор арасындағы қарым-қатынасты реттейді және Жария шарт күші бар.
1.3. Осы Ержелер мақсаты үшін келесі негізгі терминдер қолданылады:
Абонент – «АЛТЕЛ» ұялы байланыс желісінің қызметтерін көрсету туралы Шарт жасалған ұялы байланыс желісінің қызметін қолданатын жеке немесе заңды тұлға. Шарт тікелей «АЛТЕЛ» АҚ және сол сияқты «АЛТЕЛ» АҚ агенттері, дилерлері, дистрибьюторлары арқылы жасалады. Осы Ережелер талабымен келіскен жағдайда, Абонентпен Шарт күші бар, таңдалған қосылу түріне байланысты «Тіркеу нысанасына» немесе «ұялы байланыс қызметіне Тапсырысқа» қол қояды.
Абоненттік шарт (бұдан былай - Шарт) – Оператор және Абонентпен жасалған «АЛТЕЛ» ұялы байланыс желісінің қызметін көрсету Шарты.
Абоненттік нөмір – Абоненттік желі ішінде теңестіру мүмкіндігін беретін, басқа Абоненттік жабдықпен қосылуды орнататын, Абонентке Шарт жасасқан кезде бөлінетін нөмір.
Абоненттік жабдық – радиоарналар арқылы мәліметтерді тапсыруға немесе қабылдауға мүмкіндік беретін, желіге қосылып, электр байланыс сигналдарын қалыптастыруға арналған техникалық құрал.
Телефон картасын активациялау – телефон картасын активациялау мерзімінде ішкі курс бойынша қайта есептеу нәтижесінде Абоненттің электронды шоты телефон картасында көрсетілген сомаға толықтырылады.
R-UIM-карта (Removable User Identity Module) - CDMA қалпындағы ұялы байланыс желісінде мобильді телефон жұмысы үшін қызметтік ақпараттан тұратын абоненттің сәйкестендірілген модулі.
Оператордың ұялы байланыс желісіне қосылыс – ұялы байланыс қызметін алу үшін ұялы байланыс желісін пайдалану мүмкіндігі.
Қызметті тарификациялау бірлігі – таңдалған тарификация жүйесіне байланысты Оператормен орнатылған қызмет бағасын өлшейтін Абонентпен төленетін бірлік.
Операторға қызмет көрсету аймағы – Оператордың техникалық мүмкіншіліктерге және лицензияға сәйкес ұялы байланыс желісінің қызметтерін көрсететін аймағы.
Байланыс операторы – Қазақстан Республикасының уәкілетті органмен берілген ұялы байланыс желісінің қызметін көрсетуге лицензиясы бар (бұдан әрі – Оператор Лицензиясы) және осы қызметтерді шарт негізінде көрсететін байланыс өндірісі.
Телефон картасының әрекет ету мерзімі (препейд есеп жүйесі үшін) – абоненттің ұялы байланыс желісінің қызметін телефон картасын активациялау мерзімінен есептелетін уақыт арақашықтығында пайдалануға құқы бар. Телефон картасының әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда егер абонент келесі телефон картасын белсендірмесе, байланыс қызметін пайдалану мүмкіндігі тоқтатылады. Нақты тарифтік жоспар үшін телефон картасында көрсетілген әрекет ету мерзімінен басқа мерзім қарастырылуы мүмкін (прайс-беттерде көрсетілген).
Қосылыс беру – Оператормен ұялы байланыс желісіне қосу және Абонентке абоненттік нөмірді пайдалануға беру бойынша жұмыс орындауы.
Радиотелефондық қосылыс – желі Абоненті болып табылатын ақпаратпен алмасу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін байланыс тұтынушыларының Абоненттік жабдықтары арасында радиотелефондық байланыс орнату
Роуминг - Абоненттің өз желісінің қызмет ету аймағынан тыс жерде, бірақ тиісті шарт жасасқан басқа Оператордың ұялы байланыс желісінің қызмет ету аймағында байланысты қолдану.
Ұялы байланыс желісі – Абоненттерге ұялы байланыс қызметін көрсетуді қамтамасыз ететін және жалпы қолданыстағы телефондық байланыс желісіне қосылысы бар радиосигналдарды қабылдау-тарату жабдықтары және коммутация жабдықтары арқылы қосылуды орнатуға арналған жабдықтар мен техникалық құралдар кешені.
Тарификация жүйесі – қызметтер жиынтығы және қызметтердің әр түрлі түрі үшін есеп айырысу тәсілі.
Тарифтік жоспар – нақты қызмет жиынтығына сәйкес тарифтер тізімі.
Телефондық карта - сомасы (Абонент байланыс қызметтерін пайдалана алатын), әрекет ету мерзімі, реттік нөмірі және құпия коды көрсетілген, жабық қорғау қабаты бар картон немесе пластикалық карта.
Ұялы байланыс желісіне қосылудың техникалық мүмкіншілігі - Абоненттік немесе байланыс арналардың, сонымен қатар бөлінген жиілік қорын есепке алғандағы радиобайланыс арналарының сыйымдылығында бос нөмірлердің болуы.
Байланыс қызметтірін ұсынудың техникалық мүмкіншілігі - Оператор қызмет етуі аймағында, Абонентке лайықты ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған техникалық құралдар мен байланыс ғимараттарының болуы.
Ұялы байланыс қызметтері – желіге кіруге мүмкіндігін ұсыну, сонымен қатар радиосигналдарды қабылдау, өңдеу және тапсыру әрекеттері бойынша Оператор қызметінің нәтижесі
«Электрондық шот» – Абоненттің байланыс қызметтерін пайдалануға құқықты көлемінің ақшалы эквиваленті туралы ақпарат сақталынатын (мәтінде бұдан былай - Шартты сома), Оператордың автоматтандырылған есеп айырысу жүйесіндегі жеке шот.
Абоненттің тарифтік жоспарымен қарастырылған барлық қосымша қызметтер, Абоненттің жазбаша арызы негізінде көрсетіліп, Оператор тарифтеріне сәйкес төленуі тиіс. Абонентпен Абоненттік жабдық пернесінен белсендірілген қосымша қызметтер, белсендірілгеннен бастап көрсетіледі, Абоненттің жазбаша арызына теңестіріледі.
Оператордың орналасқан заңды мекенжайы: 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жароков к., 189.
1.4. Ұялы байланыс желісінің қызметтері Оператор мен Абоненттің арасында жасалатын Шарт негізінде көрсетіледі.
Тараптардың құқықтар мен міндеттері Ережелер немесе Шартта заңмен орнатылған тәртіп бойынша басқа тұлғаларға берілмейді.
Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңына сәйкес Оператор өзінің қызметтерін іске асыру үшін басқа заңды немесе жеке тұлғаларды тартуға құқылы.
1.5. Ереже талаптары ҚР әрекет ететін заңына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсету талаптарын реттейтін заңдық құқықтық-нормативті актілермен және Оператор Лицензиясының жайларымен орнатылады.
Ұялы байланыс желілерінің қызметтері барлық Абоненттерге, Абонентпен таңдалған қызметтер мен тарифтік жоспарларға сәйкес, бірдей шарттарды қамтамасыз етіп, көрсетіледі.
1.6. Оператормен Абоненттерге ұсынылатын негізгі және қосымша ұялы байланыс желі қызметтерінің тізімі, ұялы байланыс қызметтерінің көрсету шарттарын реттейтін нормативті - құқықтық актілерді, байланыс саласындағы орындаушы өкіметтің өкілетті органдарының нормативті техникалық құжаттарын ескере отырып, лицензиямен, желінің техникалық мүмкіншіліктерімен, Оператордың иелігіндегі байланыс құралдарымен анықталады және Оператордың прайс парақтарында көрсетіледі.
1.7. ҚР заңдармен анықталған жағдайлардан өзге, Оператор, электр байланыс желісімен тапсырылған радиотелефондық келіссөздер мен басқа хабарламалардың, сонымен қатар оған қатысты басқа да мәліметтердің құппиялығын сақтауға тиісті.
1.8. Абоненттік жабдық Абоненттің өз есебінен алынып, оның жеке меншігі болып саналады және сапалы болуы тиіс, Қазақстан Республикасының заң шығару талаптарына сәйкес сертификациялануы, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуына ресми рұқсаттың болуы тиіс.

2. Шарт жасаудың тәртібі мен талаптары
2.1. Абонент пен Оператор арасындағы шарт, таңдалған қосылу түріне байланысты «Ұялы байланыс қызметтеріне тапсырыс» немесе «тіркелу нысанын» толтыру арқылы жасалады.
2.2. Шарт жария шарт болып табылады.
2.3. Оператор желісіне кіруге техникалық мүмкіншіліктер және Абонентпен сұралған ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға техникалық мүмкіншіліктер болған жағдайда, «АЛТЕЛ» ұялы байланыс қызметтері әрбір Абонентке бірдей және қолайлы шартта ұсынылады. Абоненттің ертеректе пайдаланған «АЛТЕЛ» ұялы байланыс желісінің қызметтері үшін қарыздары болған жағдайда, Оператор Абоненттің келесі өтініштерін қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Абонент қарызды өтеген жағдайда ғана, ұялы байланыс қызметі жалпы шарт негізінде көрсетіледі.
Егер де Операторда болашақ Абоненттің жабдығының басқа Абоненттің жоғалтқан жабдығы екендігі жөнінде ақпарат болған жағдайда, жабықтың заңды түрде алынғандығы жөнінде дәлелдері келтіруіне дейін, Оператор келісім-шартты тоқтатуға құқылы.
2.4. Оператор «АЛТЕЛ» ұялы байланыс желісінің қызметтерін көрсету туралы Шартты орындау кезінде Абонентпен берілген мәліметтердің электрондық тіркеуін жүргізеді. Абонент Оператормен алынған ақпаратты өз қызметі аясында өз ерікімен қолдауына, сонымен қатар Абоненттің келісуінсіз өкілетті мекемелерге қосымша келісуінсіз тапсыруына қарсы еместігін білдіреді. Қызметтік ақпаратқа Абоненнтің жеке мәліметтері немесе, Абонент заңды тұлға болған жағдайда, деректемелері, телефондық нөмірі, СТН, электрондық пошта мекенжайлары, мекенжайы, шоттық мәліметтер, көрсетілетін қызметтер және кіріс/шығыс қоңыраулары жөніндегі мәліметтер жатады.
2.5. Абонент бір жақты Шартты бұзуға құқылы. Бұл жағдайда Абонент Операторға барлық шығындарды, сонымен қатар роумингті төлеу бойынша қарыздарды, ақылы анықтамаларды және т.б. өтейді.
2.6. Шарт Оператормен келесі жағдайларда бір жақты бұзылады:
1) орындау мүмкін болмаған жағдайларда (төтенше жағдайлар, техникалық мүмкіншіліктің болмауы және т.б.);
2) Мемлекеттік немесе муниципалдық орган актін шығару себебінен, міндеттемені атқаруы мүмкінсіздігі, оның ішінде, заңмен анықталған тәртіпте Оператор лицензиясын кері шақыру;
3) Келісім-шартпен және Оператор лицензиясымен қарастырылған басқа да жағдайларда.
2.7. Абоненттің ықыласы бойынша Шарт бір жақты бұзылған жағдайда Абоненттік жабдықты желіге қосу төлемі, сонымен қатар Абонентпен сатып алынған және белсендірілмеген карта бағасы Абонентке қайтарылмайды. Оператордың ықыласы бойынша Шартты бір жақты бұзған жағдайда, Абонентке () ҚР заңына сәйкес шығындары өтеледі. Шарт Абоненттің жекеменшігіндегі абоненттік жабдықтардың кез келген негізі бойынша бұзылған жағдайда, Оператормен сатып алынбайды, Абонентке абоненттік жабдық бағасы қайтарылмайды.
2.8. Абонентті ауыстырған жағдайда (сонымен қатар Абоненттік жабдық желісіне қосылғанды тегін алған, иемденген және т.б.) бұрынға абонентпен Шарт бұзылады, ал жаңа абонентпен осы Ережелерді ескере отырып, «АЛТЕЛ» ұялы байланыс желісі қызметтерін көрсету Шарты жасалады. Оператор абонент туралы деректер базасын (әрекет ететін тарифтік жоспарға сәйкес) қайта рәсімдеуге байланысты төлем төлеуді және бұрынғы иесінің қарызын өтеуді талап етуге құқылы.

3. Оператордың міндеттері
3.1. Оператор міндетті:
1) Абонентке Шарттың әрекет ету мерзіміне пайдалануға Абоненттік нөмір беруге (орнатылған тәртіп бойынша Абонентке RUIM-карта беру) және Абоненттің абоненттік жабдықтарын ұялы байланыс желісіне қосу;
2) Осы Шарт талаптарына сәйкес Абонентке ұялы байланыс қызметін қызмет көрсету аясында болған кезде көрсету. Ұялы байланыс Желісінде қызмет көрсету аясындағы Оператормен көрсетілетін ұялы байланыс қызметі ҚР әрекет ететін қалып пен техникалық нормаларға сәйкес болуы тиіс;
3) Абоненттерді жедел және апат қызметтерін тәуліктік тегін шақыру мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
4) Абоненттерге ұялы байланыс Қызметтері туралы толық және нақты мәліметтер беру;
5) Қызмет көрсету барысында айқындалған көрсетілетін Ұялы байланыс қызметтер кемшіліктерін жою бойынша шаралар қолдану;
6) Абоненттерді Операторлар қабылдаған процедураларға сәйкес ұялы байланыстағы ірі апаттар туралы және жобамен осы апаттарды жою мерзімі туралы ақпараттандыру;
7) Ұялы байланыс қызметін қолдану және осы қызметтер үшін есеп айырысу мәселелері бойынша, сонымен қатар байланыс сапасы жөнінде кеңес беруді ұйымдастыру;
8) Оператордың шет ел Операторларымен тиісті шарттары болған жағдайда, және де таңдалған есеп айырысу тәртібіне сәйкес болған жағдайда, Абонентке шет елдердегі басқа ұялы байланыс желілерінің қызметтерін (роумингі) пайдалануға мүмкіншілік беру;
9) Ұялы байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін Абонентке шоттарды көрсетілген деректемелерге сәйкес қою және Шартта көрсетілген мекенжайға жеткізу (бұдан әрі – жеткізу мекенжайы), егер де шоттарды жеткізу қызметі Абонентпен таңдалып, таңдалған есеп айырысу тәртібіне сәйкес болған жағдайда, осы қызметтің құны прайс – парақтарында көрсетіледі.
3.2. Оператор құқығы:
1) Абонентке лайықты қосымшаларды (SMS – хабарламалары арқылы немесе, Интернет желісіндегі ақпараттық сайтта хабарламаны орналастыру арқылы, немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен, немесе басқа тәсілдермен) жіберу арқылы Ереже және Шарттың шарттарын өзгерту, Егер де, Абонентпен хабарлама алған күннен және/немесе қажетті ақпараттың жариялануынан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде (көрсетілген мерзімнің қайсы бұрын келуіне байланысты) Оператор Абоненттен қабылданған өзгерістер туралы жазбаша немесе жартылай бас тарту алмаса, онда Ережеге және Шартқа енгізілген өзгерістер қабылданған болып есептеледі;
2) Абонент осы Ережелердің шарттарын бұзған жағдайда, Абоненттік жабдықтың желіге қосылу мүмкіндігін тоқтату. Абоненттік жабдыққа қайта қосылу тек барлық бұзушылық жойылғаннан кейін ғана, Оператор тарифтері бойынша жасалынады, бұл жағдайда Абоненттің алғашқы нөмірінің сақталуына кепілдік берілмейді ;
3) Абоненттің жазбаша келісімімен Қазақстан Республикасында әрекет ететін Несие бюросы туралы заңына сәйкес, абоненттер туралы ақпаратты Несие бюросына беру;
4) Абонентті хабарландырусыз, өз еркі бойынша, мерзімі өткен қарыздың (төлетудің) талап ету құқығын үшінші тұлғаларға тапсыру;
5) Абонентте желіге қосылған жабдықтың бірнешуі болса, бір жабдыққа төленген ақшалай қаржыны, басқа жабдықпен пайдалаған қызметтер есебінен төлемге енгізу немесе бір жабдық бойынша осы Ереженің шарты бұзылған жағдайда барлық жабдықтарды желіден сөндіру;
6) Тарифтерді немесе осы Ережелердің 6.3. тармағында көрсетілген шектеу деңгейлерін, жаңа тарифтер мен шектеулерді енгізу алдында (30 күннен кем емес) Абонентке жариялау арқылы хабарлап, өзгерту; тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайдың өзгеруіне байланысты енгізілетін төлем жүйесін, шарттарын және мерзімін өзгерту үшін Абонентті 30 күн бұрын, алдын-ала хабарлау қажет;
7) Егер де Абонентке шот тапсырылған соң, 30 күн ішінде Оператордың есеп айырысу шотына немесе кассасына есеп-шотта көрсетілген қарыз сомасы түспесе, Оператор қарыз сомасына өткізілген мерзімінің әрбір күніне, 0,1 пайыз өсімпұл есептеуге құқылы;
8) Сот тәртібінде қарыз сомасын төлеттіріп алу.
3.3. Оператор келесі жағдайларда жауапқа тартылмайды:
1) егер шартта келісілмесе, Оператор Абоненттің жабдығын немесе қызметті пайдалану кезінде жоғалту, зиянға ұшырау, жазатайым оқиғалар, денсаулыққа зақым келтіру немесе Абоненттің өліміне жауап бермейді. Сондай-ақ, жасырын ақпараттың таралуы және онымен байланысты шығындар үшін;
2) Бұл бап болмаған жағдайда, Операторға шағымдануына негіз бола алатын, Абоненттің ұқыпсыздығынан немесе басқа да себептермен жасалған әрекеттері немесе қателіктері үшін;
3) Абонент пікірі бойынша қате қосылған шығындарға байланысты, егер мұндай қосылу техникалық құралдармен тіркелген болса;
4) уәкіл етілген мемлекеттік органдар мен радиожиіліктерді қолдануға енгізілген уақытша тиымдарға байланысты, жабдықтардың жұмысындағы үзілістер үшін;
5) Абонент толық шотты электрондық мекенжайға жеткізу қызметін таңдаған жағдайда, Абонентпен берілген электрондық мекенжайына құпия ақпарат (яғни, толық шотта көрсетілген ақпарат ) жіберілген кезде ақпараттың мәлім болуына;
3.4. Абонент қызметтерді алмаған жағдайда, Оператордың қайтаратын сомасы желіге қосылу сомасынан арта алмайды. Абонент басқа қосымша сомаларды, оның ішінде алынбаған пайда және т.б. сомаларды талап ете алмайды.

4. Абонент міндеттері
4.1. Абонент міндетті:
1) арнайы аймақта (әуежай, ұшақ, т.б.) әрекет ететін, ерекше өкімдер мен ережелерді ескере отырып және пайдалану бойынша нұсқаулыққа, дүниежүзілік қалыптарға сәйкес, сонымен қатар қауіпті жағдайда немесе кедергі тудыратын (медициналық мекемелер, техникалық қызмет көрсететушілер, жанармай сақтау аймағы, жарылыс жұмыстарын жүргізетін орындар және т.б.) мүмкіндігіне шектеулер қойылатын арнайы Ережелер мен жарлықтар бойынша сапалы Абоненттік жабдықтарды қолдану;
2) Шарт талаптарына сәйкес, көрсетілетін қызметтер тізімі және тарифтік жоспарды, әрекет ететін есеп айырысу тәртібіне сәйкес ұялы байланыс желісінің қызметін уақтылы төлеу;
3)Шартты жасау кезінде Оператор талап ететін мәліметтер көлемін толығымен тапсыру, оның ішінде Абоненттің жеке мәліметтері, корреспонденцияны жеткізу мекен-жайы, банктік деректемелер, нақты тұрғылықты жері, заңды мекен-жайы, және тұрғылықты жері бойынша тіркелу мекен-жайы. Көрсетілген мәлеметтер өзгерген жағдайда, 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей, жаңа мәліметтерді Операторға тапсыру;
4) Абоненттік нөмірді Оператор желісіне басқа байланыс Операторларының рұқсат берілмеген трафигін жіберу, лотереяларды өткізу, дауыс беру, сайыстарды және сауалнамаларды өткізу, жарнамалу үшін және т.б. байланыс жабдықтары мен құралдарының жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер ететін әрекеттерді Оператордың жазбаша рұқсатынсыз қолданбау;
5) желіге қосылған Абоненттік жабдықтарды қолдану құқығын азаматтық-құқықықтық шарттар негізінде басқа тұлғаларға бермей, тек тиісті әдіспен куәландырылған сенімхат негізінде ғана беру. Басқа тұлғалармен абоненттік жабдықты қолдану Абоненттік Шарт бойынша қызметті төлеу және талаптарды орындау жауапкершелігінен босатпайды;
6) Абоненттік нөмірді сатқан жағдайда жаңа Абонентке Шартты қайта тіркеуді жүзеге асыру;
7) Абоненттік жабдықтың немесе R-UIM-картасының зақымдалуы (жойылуы), жоғалуы (ұрлануы) жөнінде Операторға, R-UIM-картасын Абонент еркімен бұғаттқа қою үшін бірден хабарлау тиіс. Оператор жоғалған R-UIM-картаны бұғатқа қою сәтіне дейін ұялы байланыс қызметтерінің ақы төлеу міндеттемелері Абонентке артылады.
8) Абонентке Абоненттік нөмірді және қызметтерді пайдалану үшін берілген кодтарды үшінші тұлғаларға жарияламау және тапсырмау. Кодты пайдалану арқылы, автоматты түрде жүргізілетін және де кодты теру арқылы расталатын, Оператор жабдығымен тіркелген операциялар орындалған болып саналып, Оператор тарифтері бойынша төленуі тиіс.
4.2. Абонент құқықтары :
1) Оператормен рұқсат етілген ақпаратты желіде техникалық тәсілдермен осы Ережелердің қосымшаларына сәйкес, радиотелефондық әңгімелесулерді енгізу үшін ұялы байланыс желісін қолдану;
2) Оператормен көрсетілетін қызметті теру және оның жұмыс күні, Оператор туралы сенімді және қажетті ақпаратты талап ету;
3) Оператордың келісімі болған жағдайда, есеп айырысу тәртібін, тарифтік жоспарды, көрсетілетін қызметтерімін Оператормен орнатылған тәртіп бойынша Операторға хабарлап, өзгерту.

5. Оператормен көрсетілетін қызметтердің бағалары (тарифтері)
5.1. Барлық қызмет түрлерінің тарифтері жарияланатын Оператор Лицензиясымен қарастырылған тәртіп бойынша, Оператормен анықталады және тарифтік жоспарда көрсетіледі;
5.2. Радиотелефондық қосылу ұзақтығы – бұл Оператор жабдығымен анықталатын, шақырылушы жақтың жауап беру сәтінен, екі жақтың бірінің тоқтатқан сәтіне дейінгі уақыт арақашықтығының ұзақтығы. Келесі Абоненттік жабдықтардың жауап сигналы шақырылушы жақ жауабына теңеседі:
1) хабарды автоматты түрде қабылдау тәртібінде жұмыс істейтін, модем немесе факсимильді аппарат;
2) автожауапбергішпен жабдықталған кез-келген Абоненттік құрылғы ;
3) нөмірді автоматты анықтау жабдығы;
4) шақырылушы жақ болмаған жағдайда ақпарат алмасуды қамтамасыз етуші (немесе еліктейтін) басқа Абоненттік құрылғы.
5.3. Оператор қызметті тарифтеу бірлік мөлшерін және қызметті тарифтеу толық емес бірлігін төлеу тәртібін орнатуға құқылы. Радиотелефондық қосылу ұзақтығының есебі (тарификациялаудың мерзімді жүйесіне) Оператормен қабылданған қызметті тарифтеу бірлігі негізінде, осы бірлікке дейін жинақтау арқылы жүргізіледі.
5.4. Радиотелефондық қосылу қызметтерінің төлемі қызметтің көрсетілу кезеңінде жұмыс істейтін тариф бойынша төленеді.

6. Абонентпен көрестілген байланыс қызметі үшін есеп айырысу
6.1. Көрсетілген байланыс қызметі үшін есеп айырысу Шарттың Қосымшасына, осы Ережелерге Қосымша болып табылатын «Тіркелу нысанасында» және «ұялы байланыс қызметіне тапсырыста» көрсетілетін қосылу түрі және таңдалған есеп айырысуға сәйкес жасалады.
6.2. Ұялы байланыс желісінің қызметі үшін тарифтер ҚР ұлттық валютасымен орнатылады. Көрсетілген қызмет үшін барлық төлемдер ҚР валютасында теңгемен жасалынады.
6.3. Оператор қызметтің бар түрін тек Абоненттің «электронды» есебіндегі ақша көлемі Оператор бекіткен Абоненттің таңдаған қосылу түрінің ең аз деңгейінен артық болған жағдайда ғана көрсетеді.
6.4. Егер Абоненттің «электронды» есеп деңгейі ең аз деңгейден төмен болса, Оператор қызмет көрсетуін «электронды» есепке ақша түскенге дейін тоқтатуы мүмкін. Егер «электронды» есеп деңгейінің ең аз деңгейден төмендеуіне қарамастан Абонент қандай да бір себеппен болса да сөйлесуін Абонент құрал-жабдығын қолданып жалғастырса, Абонент осындай сөйлесудің әрі «роуминг» және де Оператор көрсететін басқа да қызметтердің төлеміне толықтай жауапты.

7. Операторға тағылған шағымдарды қарастыру тәртібі
7.1. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, Абонент Операторға шағымдануға құқылы. 7.2. Шағым жазбаша түрде жасалады және Оператормен орнатылған тәртіп бойынша тіркелуі тиіс.
7.3. Жылжымалы байланыс қызметтері уақтылы көрсетілмеуі немесе дұрыс көрсетілмеуіне байланысты қойылған шағымдар қызмет уақтылы немесе дұрыс көрсетілмеген күннен бастап, 6 ай ішінде қабылданады.
7.4. Оператор шағымдарға жазбаша жауаптарды шағымды Оператормен тіркеген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде береді.

8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Оператор Абонент алдында шарттық міндеттердің және жылдам байланыс қызметтерінің жарияланған сапасын атқармағанына және дұрыс атқармағанына, жылдам байланыс қызметтерінің және кемшіліктерді жою мерзімдерінің бұзғаны үшін, жылдам байланыс қызметтері мен соларды орындаушы туралы мәліметтің шындыққа сәйкестеуіне заң және осы Ережелермен қарастырылған реті мен көлемінде жауапты.
8.2. Көрсетілген байланыс қызметінің кемшіліктері ұялы байланыс оператор желісін пайдалану бойынша нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес Оператормен жойылуы тиіс.
8.3. Абоненттің байланыс қызметінің бағасын қызметтердің уақтылы және дұрыс көрсетілмеуіне байланысты төмендету талабы, шағымдарды қарасытыру үшін орнатылған мерзімнің аяқталу күнінен бастап (Оператормен шағымды қарастыру кезінде оны қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда) 15 күн ішінде қарастырылуы тиіс.
8.4. Оператор міндеттердің атқармағаны және дұрыс атқармағаны жеңілмейтін күштің (от апаты, дүлей апат, әскери шаралар, мемлекеттік басқарма мен өкіметтің нұсқаулары және т.б.) салдарынан, Оператор өз жұмысын істеу үшін шақырған басқа заңды және жеке тұлғалардың міндеттерін атқармағанынан, Абоненттің осы ұялы байланыс қызметін көрсету Ережелері бекіткен жайларын бұзғанының салдарынан және де Абоненттің Операторға таққан мінінен өз еркімен бас тартқандығын дәлелдеген жағдайда жауапкершілігінен босатылады.
8.5. Осы Ережелер мен Шартта қарастырылған өз міндеттерін орындамағаны және дұрыс орындамаған жағдайда, Абонент Оператор алдында жауапты әрі Операторға шығындарын толық көлемінде төлеуге міндетті.
8.6. Абоненттік жабдық жоғалған, ұрланған, т.б. жағдайда осы Абонеттік жабдықты пайдалана отырып, Оператормен көрсетілген ұялы байланыс қызметі Абоненттің жазбаша түрде құрал-жабдықтың қызмет алуын тоқтату жөнінде арыз алғанша, Абонент көрсеткен ұялы байланыс қызметін төлеуге толықтай міндетті.
8.7. Оператордың жауапкершілігі, егер ұялы байланыс Оператордың кінәсінен қомақты бұзылса, оған қоса уақытша сапа төмендеуі және/немесе ұялы байланыс құрал-жабдығынан бас тарту болса, айлық Абоненттік төлемнің Оператордың нақты ұялы байланыс қызметін көрсетпеген уақытының пропорционалды бөлігіне (жеке тұлға Абоненттерге) тең немесе ай-орта трафиктің бағасының Оператордың нақты ұялы байланыс қызметін көрсетпеген уақытына пропорционалды бөлігіне тең төлемдерден артық болмайды. Нмесе болған жағдайда, Оператор Абоненттің жіберіп алған түріндегі шығынға жауапты емес.

9. Басқа талаптар
9.1. Оператор ұсынған ұялы байланыс радиотолқындардың таратылу табиғи жағдайына байланысты ғимараттардың қасында, туннельдерде, үй астарында, және тағы басқа жерасты салуларда нашарлап, үзіліп немесе қитықтармен бөгеттелуі мүмкін
9.2. Абонентке ұсынылатын ұялы байланыс жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері себебінен жергілікті сымдық телефон желілері Операторларының және де Оператордың міндетіне кірмейтін халықаралық және қалааралық байланыс Операторлардың құрал-мансаптарының сапасына байланысты.
9.3. В Ұялы қызмет көрсетуіне байланысты дау мен келіспеушіліктердің барлығы тараптармен ҚР әрекет ететін заң шығаруымен және қазіргі Ережелердің шарттарына сәйкес шешіледі.
9.4. Абонент Оператормен берілген Абоненттік нөмірге жекеменшік құқық алмайды. Оператордың өз еркі бойынша қажет болған жағдайда өзгеріс енгізуге құқы бар. Оператор Шарт бұзылғаннан кейін көрсетілген Абоненттік нөмірге өз еркімен иелік етуге құқылы.
9.5. Осы Ережелермен реттелмеген қарым-қатынастар ҚР әрекет ететін заңмен реттеледі.

N 1 Қосымша
Аванстық есеп айырысу жүйесімен ұялы байланыс желісінің қызметтері
Аванстық есептесу жүйесіндегі ұялы байланыс қызметтері (бөлек тарифті жоспарлар түрінде) – бұл Абонентпен байланыс Операторында ашылған өз «Электрондық» шотына ұялы байланыс қызметтері үшін аванстық тәртіпте есептесетін, кейінгі көрсетілген байланыс қызметтері үшін ақшалай сомада төлем ретінде осы шоттан аланытын, төлемдер арқылы жүретін қызметтер.
1. Шартқа қол қойылғаннан кейін Абонентке Абоненнтік құрал-жабдықты ұялы байланыс Жүйесіне қосу үшін төлем (RUIM-картасын ұсынғаны үшін ақы) және де тағы да басқа Абонент Оператордың жұмыс істеген тарифтері бойынша таңдаған жүйе қызметтері тізімі мен көлеміндегі төлемдер енгізілген ақыны төлеуге шот ұсынылады. Аталған шот ұсынылғаннан бастап Абонентпен үш күн ішінде төленуі тиіс. Шотта көрсетілген соманы төлеуге дейін Оператор ұялы байланыс Жүйесінің қызметтерін көрсетпеуге әрі Абоненттік жабдықты пайдалануға бермеуге құқылы.
2. Абонент ұялы байланыс қызметтеріне алдын-ала ақы (оның ішінде эфирлік уақыттың құны) төлеуін өзі таңдаған тарифті жоспармен қызметтердің тұтыну шамаланған көлемі мөлшерінде сәйкес жүзеге асырады. Шарт жасалған кезде Абонент Оператормен анықталатын жұмыс істейтін тарифтерге сай сомада алғашқы соманы төлеуі тиіс. Қызметтердің ақысы ұялы байланыс қызметтерінің Операторымен көрсетілуіне дейін немесе Абонент «Электрондық» шотындағы сома ең аз деңгей мөлшеріне дейін төмендеген кезден кешіктірмей төленуі тиіс. Барлық төлемдер Оператормен Абоненттің «Электрондық» шотына аударылады. Абоненнтің «Электрондықтық» шотынан қабылданған төлеу тарифымен анықталатын пайдаланған ұялы байланыс қызметтерінің мөлшерінде Абонент шотынан лайықты сомалар автоматты түрде шегеріледі. Бұл тәртіпте Оператор Абонентке ай сайынғы көрсетілген қызметке арналған шот - фактураны жібереді. Егер шот бойынша Абонент көрсетілген қызмет үшін қарыздар болса, шот ұсынылғаннан кейін 30 күн ішінде қарыз сомасын төлеуі тиіс.
3. Абонентке Абоненнттермен автоматтандырылған есептесу жүйесін толықтыру үшін «Электрондықтық» шоттың жеке нөмірі (аванстық төлемдер арқылы толығатын, біртұтас теңдігі бар Аванстық топтамадағы Абоненттік нөмірлері үшін бірегей нөмірі бар арнайы шот) беріледі. Төлем құжаттарында Абонент сома мен төлем жүретін өзіне берілген жеке толықтыру шотының нөмірін (немесе көрсетілген төлемдерге арналған шот нөмірін) көрсетеді. Аванстық төлемнің сомасы Абоненттің шамаланған өзі тапсырған ұялы байланыс қызметтерінің мөлшері мен Оператордың тарифтеріне байланысты өз бетінше белгілінеді.
4. Абонент бірнеше есепке ақы төлесе, әрбір шоттың сомасы мен нөмірі төлеу құжатында жазылуы тиіс. Абоненттен Операторға лайықты жазбаша бұйрық келгенге дейін, осы тармақтың талаптары бұзылса Оператор шотына түскен ақшалай қаражат Абоненттің «Электрондық» шотына енбейді.
5. Төлем (Абоненттің «Электрондық» шотына ақшалай қаражат аударылу) күні Оператордың есеп шотына ақшалай қаражат түскен күні немесе Оператордың кассасына ақша аударылған күні болып есептеледі.
6. Абонент төлемді Телефондық картаны сатып алып жасай алады (оны белсендірілген кезде Абоненттің «Электрондық» шотына Телефондық картаның номиналына тең ақшалай сомада байланыс қызметтерін алуға құқықтар көлемі аударылады).
Егер Абонент ақшалай қаражатты Операторға немесе Оператор уәкіл еткен тұлғаға аударса, Абоненттің аударған ақшалай сомасына тең ұялы байланыс қызметін алуға құқығы Абоненттің «Электрондық» шотында көрінеді.
7. Абонентке көрсетілген қызмет үшін шоттар шоттарды жеткізу мекенжайы бойынша жеткізіледі (Абонентпен шоттарды жеткізу қызметіне тапсырыс берген жағдайда). Шоттарды жеткізу қызметі Оператордың әрекет ететін тарифтеріне сәйкес Абонентпен төленеді. (Егер абонент шоттарды жеткізу қызметіне тапсырыс бермеген жағдайда) Абоненттің шотпен танысуға және оны Оператор офисінде алуға құқы бар. Абонентпен шоттар алынбай қалған жағдай оны төлем бойынша міндеттерден босатпайды. Шоттарды беру күні Оператормен орнатылады және Абонентпен Шарт жасасқан кезде хабарланады.
8. Егер Абоненттің «Электрондық» шотындағы бар сома ең аз көлемдегі шегіне жетсе, Оператор Абоненттің «Электрондық» шотын ең аз көлемдегі деңгейден жоғарылататын аванстық төлем алғанша Абонентке қызмет көрсетуді тоқтатуға құқылы.
Оператор байланыс қызметтерін көрсетуін тоқтатпауға және біршама уақыттың ішінде «Электрондық» шоттағы сома ең аз көлемдегі деңгейге жеткен жағдайда байланыс қызметтерімен қолдануға рұқсат беруге құқылы.
Егер Абонент шотты осы Қосымшаның 2 т. алдын ала ескерілген мерзімнің ішінде төлемесе, Оператор байланыс қызметтерін көрсетуін шот бойынша ақыны алғанға дейін тоқтатуға құқылы.
Төлем күні болып Оператордың есеп шотына ақшалай қаражаттың түскен күні немесе Оператордың кассасына ақша аударылған күнінен есептеледі.
9. Егер жаңа аванстық төлемдер (қызметтердің көрсетілуі қайтадан басталуына жеткілікті көлемде) тоқтатылу күнінен бастап 180 күн ішінде Абонентпен аударылмаған болса, және де егер басқа мезгілдер шартпен алдын ала ескерілмеген болса, Оператор Абоненттік нөмірді оның кейінгі пайдалану құқығын сақтамай өшіріп тастауға және Шартты бір-жақты сотсыз тәртіпте бұзуға құқы бар.
10. Оператордың байланыс қызметтерінің көрсетуі уақытша тоқтатылу мерзімінде Абоненттік төлем Оператордың жұмыс істейтін тарифтарына сәйкес Абоненттік нөмірді жүйеден алып тастаған күнге дейін есептелінеді.
11. Абоненттің «Электрондық» шотындағы ақшалай қаражаттың қалдық сомасы Абонентке тек Шарт бұзылған жағдайда қайтарылады. Ақшалай қаражаттың көрсетілген қалдық сомасы Оператордың есептеріне сәйкес анықталып, Абоненттің жазбаша арызы бойынша 30-күндік мерзімнің ішінде Оператормен Абонентке көрсетілген байланыс қызметтерінің барлық есептерін өткізуден кейін Қазақстан Республикасының валютасында қайтарылады.
12. Егер аванстық төлем көрсетілген қызметтердің тоқтатылу күнінен бастап 180 күн ішінде Оператордың шотына түспесе, Оператор, егер Абонент қарыздар болса, Абоненттен орындалмаған міндеттемелердің және шығындардың сомасын заңмен қарастырылған іс-шаралармен Абоненттен сол соманы алуға құқы бар.
13. Абонент өз «Электрондық» шотындағы ақшалай қаражаттың мөлшері туралы ақпаратты Оператордың жұмыс жасайтын тәртібіне сәйкес алуға құқы бар.
14. «Электрондық» шоттағы аванстық төлем сомаларына пайызды төлемдер есептелінбейді.

N 2 Қосымша
pre-paid есеп айырысу жүйесімен ұялы байланыс қызметтері
Алдын-ала (препейд) есептесу жүйелі ұялы байланыс қызметтері (бөлек тарифті жоспарлар түрінде) – бұл Абонентпен Телефон картасын сатып алып төлейтін (оны белсендірілген кезде Абоненттің «Электрондық» шотына Телефондық картаның номиналына тең ақшалай сомада байланыс қызметтерін алуға құқықтар көлемі аударылады), Абонент орнатылған уақыт мерзімінде (Телефон картасының әрекет ету мерзімі) қолдана алатын қызметтер.
Кейбір тарифті жоспарларда Абонент байланыс қызметтерімен пайдалана алатын уақыт мерзімі Телефондық картада көрсетілген мерзімнен ерекше болуы және тарифті жоспар шарттарынан тәуелді болуы мүмкін
1. Алдын-ала (препейд) есептесу жүйесіндегі ұялы байланыс қызметтері үшін есеп айырысу келесі жолдармен жүргізіледі:
Абонент айқын номиналды Телефондық картасын сатып алады және оны келтірілген нұсқауға сәйкес белсендіреді, сонымен қатар Абоненттің «Электрондық» шотына картаның белсендірілген күніндегі Телефондық картаның номиналына тең ұялы байланыс қызметтерін алуына құқықтардың көлем құнының теңдігі аударылады. Егер Оператордың қызмет көрсету шарттарымен қаралған болса, Абоненттің «Электрондық» шоты басқа да жолдармен толтырылуы мүмкін.
Әрбір Телефондық карта (байланыс қызметтерін алуға құқықтардың көлемі) уақытша параметрмен сипатталады: әрекет ету мерзімі Оператордың прайс - беттерінде көрсетілген.
Телефондық картаны белсендіру кезінде Абонент Телефон каратасының номиналынан және ұялы байланыс қызметінің тарифтерінен, тарифтік жоспар талаптарына және Телефон картасының әрекет ету мерзіміне сәйкес ұялы байланыс қызметін қолдану құқығын алады.
Абоненнтің «Электрондық» шотынан қабылданған төлеу тарифымен анықталатын ұялы байланыс қызметтерін пайдаланғанда, Абонент шотынан қажетті сома автоматты түрде шегеріледі.
Телефондық картаның мерзімі аяқталғаннан кейін немесе «Электрондық» шотта Шартталған сома аяқталысымен, және де егер қатарынан 90 күн ішінде Абоненттің «Электрондық» шотында бір де бір толтыру немесе шегерілу болмаса (ақылы телефон шалу, SMS, мәлімет жіберу сессиялары, т.б.), Абонентке байланыс қызметінің көрсетілуі, оның ішінде аяқталмаған, сөйлесу тоқтатылады. Оператор байланыс қызметтерін көрсетуін тоқтатпауға және біршама уақыттың ішінде «Электрондық» шоттағы сома нөл деңгейіне жеткен жағдайда да байланыс қызметтерімен қолдануға рұқсат беруге құқылы.
Егер Шартқа отырғаннан кейін немесе байланыс қызметтерінің көрсетілуі тоқтатылғаннан кейін немесе т.б. жағдайларда (оның ішінде қызметтердің көрсетілуі Абоненттің арызы бойынша тоқтатылса) Телефондық карта белсендірілмесе, Абоненттің 180 күн ішінде кезекті Телефондық картаны белсендіру шартымен қайтадан қызмет алу мүмкіншілігі сақталады, бірақ қызметтердің көрсетілу мезгілі жаңа Телефондық картаның жұмыс жасау мерзімімен немесе тарифтің жоспар шарттарымен шектелінеді.
Абоненттік жабдықтың немесе R-UIM-картаның зақымдалуы (жойылуы), жоғалуы (ұрлануы) жөнінде Операторға, R-UIM-картасын Абонент еркімен бұғатқа қою үшін арыз беруі негізінде қызметті көрсету тоқтатылған болса, тарифтік жоспардың шарттары және телефондық картаның қызмет ету мерзімі сақталған жағдайда Абонент сол уақыттағы шарттар мен тарифтерін сақтап қалады.
Егер де Абонент Операторға немесе Оператормен өкілетті тұлғаға ақшалай қаражатты тапсырса, Абоненттің сол сомаға сәйкес, қызметтерді пайдалану құқығы "Электрондық" шотында көрсетіледі. Және де бұл жағдайда осы Ережелердің "Электрондық" шотты телефондық карта арқылы толтыру, сонымен қатар, телефондық карта қызмет ету мерзімі туралы барлық Жайлары таралады.
2. Екі жақты келісім немесе Абонент еркі бойынша шарт бұзылған жағдайда, Келісімнің қызмет ету мерзімі тоқталған жағдайда Абоненттің "Электрондық" шотындағы шартты сома және де сатып алынып, белсендірілмеген карталар құны Абонентке кайтарылмайды.
3. Абонент "Электрондық" шот арқылы төлене алмайтын қосымша шотты (көрсетілген қызметтер қарызы, үшінші тұлғалар үшін ақылы ақпарат және т.б.) тапсырылған уақыттан бастап 30 күн ішінде төлеуі тиіс. Абонент осы тармақпен ескерілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Оператор әрбір өткізілген күн үшін міндеттеменің 0,1 пайызын есептеп, қарыз сомасын соттық тәртіпте төлетуге құқылы.