Жиі қойылатын сауалдар (FAQ)
EVDO дегеніміз не?EV-DO (Evolution-Data Optimized "эволюцияланып оңтайландырылған мәліметтер жіберу") — CDMA үлгісінің ұялы байланыс желісінде пайдаланатын мәліметтер жіберу технологиясы.3G дегеніміз не?3G (англ.тілінен third generation — «үшінші буын»), 3 буындағы ұялы байланыс технологиясы — Интернет желісі қызметіне жоғары жылдамдықпен мобильді қатынауды және мәліметтер арнасын жасайтын радиобайланыс технологиясын біріктіретін қызметтер жиынтығы.Қатынаудың жылдамдығы қандай?Мәліметтерді жіберудің ең жоғары үлкен жылдамдығы – 3.1Мбит/с (төменгі арна). Шығыс арнаның ең көбі 1.8 мегабит/с дейін. Әдеттегі режімде мәліметтер жіберудің ең жоғары жылдамдығы (1Х) – 153кбит/с, нақты орта жылдамдық шамамен 40 кбит/с.Жылдамдық неге байланысты?Мәліметтер жіберу жылдамдығы бірнеше параметрлерге байланысты болуы мүмкін: қауырт мерзімде желінің жұмысбастылығы, сигналдың жаман сапасы, жергілікті радиокедергілер. Сіздің браузеріңіз (Internet Explorer) жүктеу үрдісін көрсететін терезеде жылдамдықты секундына килоБайттар (с/кБ) көрсететінін ескеру керек. Секундына килобиттар (с/кбит) алу үшін алынған санды 8-ге көбейту керек.Қамту аймағы?Қамту картасын аймағын осы жерде қарауға болады.Қай қалаларда қызмет қолжетімді?Интернетке қатынау қызметіне Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Қостанай, Рудный қалаларында қол жеткізуге болады.Қосылу талаптары қандай?Интернетке қатынау қызметіне қосылу үшін EVDO және RUIM-карта технологиясын қолдайтын модем сатып алу керек. Қызметке қосылу үшін «АЛТЕЛ» АҚ Қызмет көрсету орталығына немесе дистрибьюторларға хабарласыңыз..Қазақстанның басқа қалаларында осы қызметті пайдалануға бола ма?«АЛТЕЛ» АҚ қосылған қызметпен модем сатып алып, егер сол қалада қызмет көрсетілетін болса, Сіз Қазақстанның кез келген қаласында оны пайдалана аласыз (Қосылу қалалары қараңыз).Теңгерімді қалай білу керек?Теңгерім туралы ақпаратты «Жеке кабинет» бетіне кіру арқылы алуға болады..Интернетке шығу үшін қандай баптаулар (құпия сөз, логин) қажет?Қызметке қосылған кезде Интернетке қатынау үшін қажет логин және құпия сөз беріледі.Толығырақ ақпаратты пайдаланушының нұсқауында немесе модемді баптау бойынша нұсқауды қараңыз. Келісім шартты рәсімдеген жағдайда (қосылуға өтінім) қандай құжаттар қажет?Жеке тұлғалар үшін қажетті құжаттар:
Жұмыстың гибридтік режімін қалай қосуға болады?Абонент жұмыстың гибридтік режімін, модемнің бағдарламалық жасақтамасында желіні баптау мәзірін таңдап, қоса алады:
EVDO жұмысының режімін қалай қосуға болады?Абонент жұмыстың EVDO режімін, модемнің бағдарламалық жасақтамасында желіні баптау мәзірін таңдап, қоса алады:
Менің модемімде мәліметтерді жіберудің қандай режімін қолданған дұрыс?Модемге EV-DO Only режімін орнату қажет.Орнатылған қосылуда беттер ашылмайды, не жасау керек?Мәселе TCP/IP хаттамасын дұрыс баптамағандықтан болуы мүмкін. МӘЛІМЕТТЕР TCP/IP қосу хаттамасының баптауына кіріп, баптаулар таңдалғанына көз жеткізу керек: Негізгі шлюзді, IP-мекенжайды, DNS-серверді сервер тағайындайды.Бетті мекенжай бойынша емес, IP-мекенжай бойынша ашуға болады. Мысалы, «Яндекс» іздеу қозғалтқышының 87.250.251.11. IP-мекенжайы (2008 ж. 13.02-не). Браузердің мекенжай жолағында http://87.250.251.11/ немесе 87.250.251.11. тереміз. Егер сайт ашылмаса, онда мәселе DNS баптауында. Мүмкін Сіздің компьютеріңізде Firewall қорғау бағдрламасының баптаулары шатасқан. Тест үшін оларды сөндіріп көруге болады (қалай өшіру – әр бағдарлама үшін жеке, олар көп) Егер мәселе Firewall-да болса, онда осыдан кейін оны қосу және дұрыс баптау керек. Егер мұны жасау қиынға соқса, мамандарға хабарласыңыз. Егер мәселе компьютермен байланысты болса, онда Интернетке басқа компьютерден шығып көру керек. Пайдаланушының аты және құпия сөзі қандай?Интернетке қатынау үшін есептік жазбаның қалыпты параметрлерін пайдалану керек:Пайдаланушының аты: Сіздің телефоныңыздың нөмірі@jet3g.kz Құпия сөзі: Сіздің ПИН-кодыңыз. Алғашқы қосылуда Жеке кабинет бетіне кіріп, ағымдағы құпия сөзді (PIN) жаңаға ауыстыруыңызға кеңес береміз.. Менің модемім үшін драйверлерді қайдан табуға болады?«АЛТЕЛ» АҚ ұсынатын модемдер үшін драйверлер және бағдарламалық жасақтамалар модемдерде орнатылған немесе жиынтықта жабдықталған.Жылдамдық неге төмен, сағаттың қасындағы белгіге қарасам, ол жерде 115200 бит\с (230400) жазылып тұр?Бұл мәліметтерді жіберу жылдамдығы емес. Қосылуды орнатқаннан кейін Windows-ты бейнелейтін порттың үйлестіру жылдамдығы.Plug-and-play бойынша қосылатын CDMA модемдер үшін бұл параметр мәліметтерді жіберудің нақты жылдамдығымен байланысты емес. Мәліметтерді жіберудің нақты жылдамдығын тексеру үшін, Интернеттен кез келген бір файлды жүктеп көру керек. Жүктеу барысын бейнелейтін терезеде Сіздің браузеріңіз секундына килоБайттар жылдамдығын көрсетеді(кБ/с) . Секундына килобиттар алу үшін (кбит/с) алынған санды 8-ге көбейту керек. Мәліметтер жіберудің ең жоғары жылдамдығы – 3.1Мбит/с. Желі бойынша нақты орта жылдамдық шамамен 256 кбит/с. (Шығыс арнасы 1.8мегабит/с дейін) Мәліметтерді жіберудің әдеттегі режімінде ең жоғары жылдамдығы (1Х) – 153кбит/с, нақты орта жылдамдық - шамамен 40 кбит/с. Мен тек пошта тексеремін, ал трафик болса фильмдер көшіріп жатқандай кетеді, неге?Мүмкін Сіз пошта арқылы үлкен көлемдегі файлдар жібересіз. Суреттер, мәтіндік құжаттар, қоса тіркелген деректерімен хаттар көп трафик қажет етеді.Мысалы, сурет сапасына байланысты, 50 кБ дейін 2-3 мегабайтқа дейін алады. Егер Сіз пошта клиентін пайдалансаңыз (мысалы, Outlook Express), онда сіздің поштаңызға келетін барлық хаттар Сіздің компьютеріңізге пошта серверінен көшіріледі. Пошта арқылы үлкен көлемді файлдарды жіберуге шектеу салуға кеңес береміз немесе жеке кабинетте пайдаланған трафик көлемін тексеріңіз. Бұл Сізге файлдардың жіберуін бақылауға көмектеседі. Жұмыс күні уақытында өте төмен жылдамдық, ал жұмыс күнінен кейін жылдамдық өседі, мәселе неде болу мүмкін?Мәліметтерді жіберу жылдамдығы бірнеше параметрлерге тәуелді болу мүмкін: қауырт мерзімде желінің жұмысбастылығы, сигналдың жаман сапасы, жергілікті радиокедергілер. Сіздің браузеріңіз (Internet Explorer) жүктеу үрдісін көрсететін терезеде жылдамдықты секундына килоБайттар (с/кБ) көрсететінін ескеру керек. Секундына килобиттар (с/кбит) алу үшін алынған санды 8-ге көбейту керек.Мәліметтер жіберудің ең жоғары жылдамдығы – 3.1Мбит/с. Желі бойынша нақты орта жылдамдық шамамен 256 кбит/с. (Шығыс арнасы 1.8мегабит/с дейін) Мәліметтер жіберудің әдеттегі режімінде ең жоғары жылдамдық (1Х) – 153кбит/с, нақты орта жылдамдық - шамамен 40 кбит/с. Менде оқтын-оқтын желі сигналы жоғалып кетеді. Мәселе неде?Мәселе радиожелінің сенімсіз қамту аймағында болуы мүмкін. Егер Сіздің модеміңізде ақау болса, немесе жабдығыңыз сигналды жаман қабылдаса, мәселе сонда болу мүмкін. Бұл жағдайда біздің Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Басқа орынға ауысып, қайта қосылып көріңіз. Егер Сіз модемді қозғап, бір нәрсемен жауып қойсаңыз, қосылу жылдамдығы төмендеуі мүмкін.Қосылу орнатылады, сонан кейін 5-7 минуттан кейін үзіледі?Мүмкін болатын себептер:
Менде кейбір сайттар жүктеледі, ал кейбіреулері жүктелмейді, неге?Сіздің жүйеңізде қосылу портын жабатын firewall бар, сол себептен беттер ашылмайды.Интернеттен беттер мен файлдар дұрыс жүктеледі, бірақ сайттарға үлкен хабарламалармен электронды поштаны немесе суреттерді/файлдарды жіберу өте жәй жүзеге асырылады, кей кезде мүлде үзіліп кетеді. Неге?EVDO арнасы симметриялы емес. Кіріс арнаның ең жоғары жылдамдығы - 3.1Мбит/, бірақ мәліметтердің үлкен көлемі сирек жіберілетін шығыс арнасы тек 1.8мегабит/с дейін.Егер мен Жеке кабинеттің және Интернетке қатынаудың құпия сөзін ұмытып қалсам не жасаймын істеймін?Егер Сіз Жеке кабинеттің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, онда оны екі тәсілмен қалпына келтіруге болады:
Қосылу әрекеті кезінде «678 қате. Қашықтағы компьютер жауап бермейді» хабарламасы пайда болады. Неге?Көп жағдайларда осы қате шотта қаражаттың жоқтығын білдіреді.Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен теңгерімді тексеруге («Теңгерімді қалай білуге болады?» тармағын қараңыз) болады. |
Бізге қосыл!
© 2012, «АЛТЕЛ» АҚ Все права защищены |